School news
«Daryn Cup IV» республикалық дәстүрлі турнирі жоғары деңгейде өтті.
Сәуір айының 18–19 күндері INFACT дебат клубының ұйымдастыруымен «Daryn Cup IV» республикалық дәстүрлі турнирі жоғары деңгейде өтті. Биылғы дода «Конституция және жастар» тақырыбына арналып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды пікірсайысшыларды бір алаңға тоғыстырды. Турнир барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, логикалық ойлау мен шешендік қабілеттерін паш етті. Бұл дода тек жарыс қана емес, сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.
“School news is the mirror of its life, achievements, and inspiration of students.”