Мектеп жаңалықтары
Абай ұлттық мектебінде Республикалық VIII Абайтану олимпиадасы
⚜️ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Абай ұлттық мектебі» РММ 2026 жылдың 22-24 сәуір аралығында «Республикалық VIIІ Абайтану» олимпиадасын өткізіліп жатыр. Олимпиаданың мақсаты: Абай мұраларын насихаттау; оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту; Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу. 🇰🇿Олимпиадаға Республика бойынша 132 оқушы қатысады. Олар: Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық білім басқармалары, Республикалық білім беру ұйымдары (РББҰ), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және желілік «Абай мектептерінің» 9-11 сынып оқушылары. ✍🏻 Республикалық VIIІ Абайтану олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады: жазбаша жұмыс – эссе; ауызша – теориялық сұрақтарға жауап, талдау. «ЖИ дәуіріндегі Абай мұрасы: цифрлық педагогика және ұлттық сана» тақырыбында жетекшілерге арналған республикалық семинар ұйымдастырылған.
«Мектептегі әр күн — жаңа тарих, әр жаңалық — сол тарихтың беті.»