Назад

Новости школы

News Image

Абай ұлттық мектебінде Республикалық VIII Абайтану олимпиадасы

13.05.2026 | Событие школы

⚜️ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Абай ұлттық мектебі» РММ 2026 жылдың 22-24 сәуір аралығында «Республикалық VIIІ Абайтану» олимпиадасын өткізіліп жатыр. ​Олимпиаданың мақсаты: Абай мұраларын насихаттау; оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту; Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу. ​🇰🇿Олимпиадаға Республика бойынша 132 оқушы қатысады. Олар: Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық білім басқармалары, Республикалық білім беру ұйымдары (РББҰ), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және желілік «Абай мектептерінің» 9-11 сынып оқушылары. ​✍🏻 Республикалық VIIІ Абайтану олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады: жазбаша жұмыс – эссе; ауызша – теориялық сұрақтарға жауап, талдау. ​«ЖИ дәуіріндегі Абай мұрасы: цифрлық педагогика және ұлттық сана» тақырыбында жетекшілерге арналған республикалық семинар ұйымдастырылған.

«Новости школы — это зеркало её жизни, достижений и вдохновения учеников.»

Подготовка... 0/0